«Мен болмасам, жүрегіңді емдер кім?!» тақырыбында портрет кеші өтті.
4 сәуір күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында Сарысу ауданының құрметті азаматы, Алты Алашты аузына қаратқан талантты ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің 4 мәрте стипендиаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары » Ыбыраев Маралтай Райымбекұлының 55 жас мерейтойына орай «Мен болмасам, жүрегіңді емдер кім?!» тақырыбында портрет кеші өтті. Кеш барысында кітапханашы Маралтай Райымбекұлы туралы үзік сырларымен бөлісіп, оқушылар арнау өлеңдерін оқыды.

