«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты библиошар өтті.
6 ақпан күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен саф өлеңнің жүйрігі,қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты библиошар өтті. Мақсаты:ақиқ ақын, артына айырықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың ақынның поэзиясын халыққа кең таралуының мәні және өміршеңдігінің сыры жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну. Іс-шара барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттап, «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты кітап сөресіне шолу жасады. Оқушылар шарда жасырылған сұрақтарға жауап беріп, ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды.

