“Мемлекеттік тіл мерейің” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

5 қыркүйек күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Мемлекеттік тіл мерейің” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Шараның мақсаты: Оқырмандарға өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсінуге,тіл тазалығын сақтауға, мәдениетті сөйлеуге және тіл мәртебесін ұғыну.Шараға қатысқан оқушылар ақын-жазушылардың өлеңдері мен нақыл сөздерін мәнерлеп айтты.