«Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтанышымыз» атты печа-куча өткізілді.
26 қыркүйек күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтанышымыз» атты печа-куча өткізілді. Кітапханашы оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер – рәміздермен жан – жақты таныстырып, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасады.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.



