«Мемлекеттік рәміздер ел мәртебесі» атты әдеби сағат өтті.
4 маусым күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне «Мемлекеттік рәміздер ел мәртебесі» атты әдеби сағат өтті. Шара барысында мемлекеттік әнұран орындалып кітапханашы рәміздердің тарихи маңыздылығы жайлы түсінік беріп, оқушылар «Рәміздер-тәуелсіз Қазақстанның кепілі» атты кітап көрмесімен танысып, рәміздерімізді әрқашан да құрметтеп, биік ұстауға деген патриоттық сезімдерін білдірді.

