1990 жылы аудандағы барлық кітапханалар саны 40-қа жетті.

1995 жылдан бастап оқтайландыру саясаты кезінде ауылдық кітапханалар біртіндеп  жабыла бастады.

1997 жылы барлық кітапханалар жабылып, бір кітапхана ғана қалды.

 2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» -10 ауылдық кітапхана ашылды.

 2002  жылы  3 ауылдық кітапхана ашылды.

  2003 жылы  Шу аудандық мәдениет бөліміне қарасты «Шу ауданы әкімдігінің мәденеит және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі болып құрылды.

  2005 жылы 5 ауылдық кітапхана ашылды.

  2007 жылы 2 кітапхана ашылды 1-балалар кітапханасы, 1- ауылдық кітапхана.

  2008 жылы 1 ауылдық кітапхана  ашылды.

  2011 жылы «Шу ауданы әкімдігінің мәденеит және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып  Жамбыл облысы Әділет департаментінің Шу ауданының Әділет басқармасы Заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы куәлігін алды.

2018-2019 жылдары  2 кітапхана ғимарат тапшылығына байланысты жабылды.

       Қазіргі таңда  1- аудандық.        

             1-балалар.

            20- ауылдық

          3- қалалық , барлығы  25 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.

 Кітапхананың әмбебеп қорында 261501       мың  дана кітап сақталады. Олар  ғылыми-таңдамалы, көркем әдебиеттер, қазақша, орысша, шет тілдегі. Жыл сайын кітапхана  – 21590 оқырманға қызмет  көрсетіп, оларға – 319120  дана кітап пен мерзімді басылымдар береді. Қазіргі уақытта аудандағы әдебиеттерді нағыз сақтаушы ғана емес, әрі мәдени, рухани орталық болып та саналады.

Дәстүрлі облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында 2010 жылы Көктөбе ауылдық кітапханасы ІІ орын және облыстық «Ең үздік кітап қоры» байқауынан ІІІ орын, 2011 жылы Бірлік Үстем ауылдық кітапханасы Бас жүлде, 2014  жылы облыстық «Ең үздік кітап қоры» байқауынан І орын, 2014 жылы облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында Сауытбек ауылдық кітапханасы ІІІ орын , 2015 жылы Бәйдібек ауылдық кітапханасы ІІ орын, 2016 жылы Бірлік ауылдық кітапханасы  ІІ орын иеленіп кітапхананың материадық-техникалық базасын жақсарту жұмыстарын жүргізген. 2014 жылы облыстық «Кітапханалық электронды орта: қалыптастырудың жаңа жолдары» тәжірибелік семинарын өткізген. 2012 жылы ауыдандық орталық кітапханада «Электронды зал», 2013 жылы №2 шу қалалық кітапханасында «Электронды зал», 2014 жылы «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім» ашуға атсалысқан. Атоматтандыру жүйесі бойынша аудандық ОКЖ-ға қарасты 25 кітапқана толықтай компьютермен жабдықталып, телефондар орнатылып, интернет желісіне қосылған.  Аудан бойынша РАБИС бағдарламасымен жұмыс жасалынып барлық кітапхананың кітап қорларын дерек қорға енгізу жұмысын аяқтаған. 2016 жылы кітапханалық «kitap-shu» сайыты ашылған. 2017 жылы №1 Шу қалалық кітапханасына 1 дана компьютер жабдығымен, ауылдық кітапханаларға 3 дана компьютер жабдығымен, ноутбук, фотоппарат, «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған» бөлімге  «Фокус» дисплейі, луппа, компьютер  жабдығымен алынып ,сонымен қатар орталық кітапхана баспалдағына ағымды жөндеу жұмысы, ғимараттың сыртына әктеу-сырлау жұмыстары жүргізіліп пандус қайта жасалынды. 2018-2019 жылдар аралығында 19 аудандық, қалалық, ауылдық кітапханалар жанынан «Цифрландырылған ақпараттық орталықтар , аудандық кітапханалардан «Білім орталығын» ашуға өз үлесін қосқан.

     2021 жылы «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің мәденеит және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып  Жамбыл облысы Әділет департаментінің Шу ауданының Әділет басқармасы Заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы куәлігін алды.

ОКЖКММ директоры                                          Б.Алжанбаева