«Мамандығым –мақтанышым» тақырыбында пікір алмасу өтті.
7 қараша күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдасытруымен Ш.Мұртаза атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларының қатыстысуымен «Мамандығым –мақтанышым» тақырыбында пікір алмасу өтті. Шара барысында кітапханашы оқушылардың «Қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойларын тыңдап, таңдау жасағанда жауапкершілікпен қарай отыра, жүрек қалауымен болашағы жарқын мамандықты таңдағаны дұрыс. Таңдаған мамандығын сүйіспеншілікпен, құштарлықпен атқарса, адам шынайы еңбектеніп, ісі берекелі болып, пайдасы мол болатынын айтты.

