«Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» тақырыбында әуенді кеш өтті.

24 қазан күн Бірлік ауылдық кітапханасы мен ауылдық клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» тақырыбында әуенді кеш өтті. Шараға ауыл тұрғындары қатысып, оқушылар өлеңдер оқып, туған өлкенің қасиеті мен сұлулығын дәріптейтін жырлар орындады.