”Мақтан тұтар ұлы тұлға” атты әдеби сағат өтті.
11 қаңтар күні Шоқпар ауылдық кітапханасында Ораз Жандосов атындағы орта мектептің интернат оқушыларының қатысуымен Д.А.Қонаевтың туылған күніне орай ”Мақтан тұтар ұлы тұлға” атты әдеби сағат өтті. Мақсаты: халқымыздың біртуар азаматы Д.А.Қонаев атамыздың өмірі мен шығармашылығы, игі істерімен таныстыру. Адамгершілік асыл қасиеттерін үлгі тұтуға тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашы Д.А.Қонаев туралы баяндама оқылып, бейнеролик көрсетілді және кітап сөресімен таныстырды.

