«Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты сыр кеші өткізілді.
12 қаңтар күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 4-сынып оқушыларымен белгілі тұлғалардың өмір жолы мен еселі еңбектерін келер ұрпаққа насихаттау мақсатында – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған күніне орай «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты сыр кеші өткізілді. Кітапханашы оқырмандарға қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, ақыл парасатымен дараланған ұлы адамның өмірбаянымен таныстырып өтті.

