«Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты портрет кеші өткізілді.
12 қаңтар күні Белбасар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты портрет кеші өткізілді. Шара барысында кітапханашы дана халықтың дара перзенті, иісі алаштың пір тұтар тұлғаның ел алдындағы жасампаздық еңбегі, әділдігі мен тазалығы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екенін және мәдени салаларын дамытудағы ерен еңбегіне тоқталды.

