“Мақал-мәтелдердің қазақ өміріндегі орны” тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
20 қыркүйек күні “Kitap time – 2024” Республикалық кітап фестиваль аясында Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында “Мақал-мәтелдердің қазақ өміріндегі орны” тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оқырмандарға “Бізден сұрақ, сізден жауап” атты ойындарын өткізіп, оған оқырмандар белсене қатысты.Мақсаты: кітап оқу мәдениетін көтеру, әдеби кітаптарды насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру

