“Мәңгі желбіре – Жеңіс алауы” атты еске алу кеші өтті.
6 мамыр күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай “Мәңгі желбіре – Жеңіс алауы” атты еске алу кеші өтті. Шара барысында мемлекетіміздің Әнұраны орындалып, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.Кітапханашы Ұлы Жеңіс туралы баяндама оқып, оқушылар өлең шумақтарын оқып, кітапханашы кітап сөресімен таныстырды.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән – маңызы туралы мағлұмат беру.Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын ұштау.Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа, шыншылдыққа баулу.

