“Мәңгі сөнбес жарық жұлдыз” атты тәрбие сағатын өткізді.
2 ақпан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Макаренко мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан Жастар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлының 65 жас мерейтойына орай “Мәңгі сөнбес жарық жұлдыз” атты тәрбие сағатын өткізді. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармалары таныстырылып, мектеп ұстаздары Тельтаева Индира, Құрамаева Кенже қаламгердің шығармалырын қысқаша баяндады. Соңында кітапханашы “Хауа ананың көз жасы”, “Сайқымазақ дүние”, “Жаралы жапырақтар” т.б. кітаптарына шолу жасады.





