«Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен қызметі» тақырыбында сыр кеші өткізілді.
2 ақпан күні Мойынқұм ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен М.Х.Дулатидің 525 жылдық мерейтойына орай «Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен қызметі» тақырыбында сыр кеші өткізілді. Шарада көрнекті мемлекет қайраткері, қазақтың тұңғыш тарихшысы, ұлы ойшыл ғалым Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен еңбегі туралы айтылып, сіңірген еңбектері таныстырылды.

