“Мұқағали – мәңгілік дастан” атты оқу марафоны өтті.
9 ақпан күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен жастарды патриотизм рухында тәрбиелеу, патриоттық сезімдер мен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, Мұқағали Мақатаев мұраларын тарату және насихаттау мақсатында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай “Мұқағали – мәңгілік дастан” атты оқу марафоны өтті. Іс-шара ақынның өмірі, қоғамдық-саяси қызметі туралы бейнеслайд көрсету арқылы ашылды. Оқушылар Мұқағали Мақатаев өмірінің қызықты беттері мен және кейбір белгісіз фактілермен танысты. Ақынның кітаптарына шолу жасалып, оқырмандар ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды.

