«Күй өнерінің шебері» атты танымдық сағаты өтті.
29 қыркүйек күні Тасөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Күй өнерінің шебері» атты танымдық сағаты өтті. Іс-шара барысында кітапханашы күй өнері – арқылы қазақ халқы өзінің қуанышын да, қайғы – мұңын да жеткізе білгенін айтып өтті. Сондай-ақ, Ә.Желдібаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырып өтті.



