«Күй күмбірі» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
30 қыркүйек күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылығына арналған «Күй күмбірі» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты күйшінің өмір жолы мен шығармашылық еңбектері жайында мағлұмат берілді. Әбдімомын Желдібаевтың ұлттық өнерді ұлықтаудағы еңбегі мен оның күйлерінің рухани мәні туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар қатысушылар күйші шығармашылығынан үзінділер тыңдап, ұлттық өнерге деген құрметтерін білдірді.
Мақсаты: Ұлттық өнерді дәріптей отырып, жас ұрпақты күй өнеріне, отансүйгіштікке және ұлттық мәдени құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу



