«Кітаппен өрілген өмір» атты әдеби-әуенді кеш өткізілді.
22 сәуір күні Аудандық кітапханада кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен кітапхана қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Кітаппен өрілген өмір» атты әдеби-әуенді кеш өткізілді.
Іс-шара барысында кітапхана саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі ерекше аталып өтті. Кешке арнайы шақырылған ардагер кітапханашылар жүрекжарды тілектерін білдіріп, жас мамандарға ақыл-кеңестерін айтты.
Мерекелік кеш ән-шашулармен, әсерлі өлең жолдарымен және жылы лебіздермен өріліп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, кітапхананың қоғамдағы маңызы мен рухани құндылықтарды дәріптеудегі рөлі кеңінен насихатталды.
Кеш соңында ұйымдастырушылар барша әріптестерге алғыс білдіріп, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тіледі.





