«Кітаппен бірге қызық әлем»тақырыбында оқырман бенефисі өтті.
7 ақпан күні аудандық орталық кітапхананың білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Өміріме әсер еткен бір кітап» жобасы аясында және оқырмандарды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті,парасатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Кітаппен бірге қызық әлем»тақырыбында оқырман бенефисі өтті. Кеш қонағы кітапхананың белсенді оқырманы Зәуре Устаева бенефисцант ретінде шақырылды. Оқырман өзінің белсенді өмірлік ұстанымдарымен, көңілді мінезімен адам жүрегіне жол тартатын жан. Ол жас оқырмандарға қазақи болмысымызбен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, әдеби құндылықтарымызбен тамырлы тарихымызды насихаттап, жастарға кітап оқуға кеңес берді. Оқыған кітаптарынан «Менің сүйікті кітаптарым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд жасалды. Ол өзі оқыған кітаптарынан алған әсерін кеш қонақтарымен бөлісті. Кешке қатысушылар бенефисцант
туралы өте жақсы пікірлермен бөлісіп, шараның қызықты өтуіне белсенділік танытты. Шара кітап пен кітап оқудың үлкен бір мерекесіне айналды.

