“Кітапхананың түнгі әлемі” атты тақырыпта қала тұрғындарының қатысуымен өтті.
5 қыркүйек күні ”Теміржолшылар” саябағында Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қолға алынған “Кітапхана түні” жобасы аясында “Кітапхананың түнгі әлемі” атты тақырыпта қала тұрғындарының қатысуымен өтті.
Оқырмандар кітапханаға өз тілектерін жазып, қалдыра алатын «Тілектер аялдамасы» ұсынылды. Сондай-ақ ертегі кейіпкерлері «Қасқыр», «Түлкі» болып, енді бірі «Шошқа»» кейпінде тыным таппай, ойнап оқырмандар көңілін көтерді.
«Кітапхана түніне» келушілер «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты повесьіне байланысты «Кім алғыр?», фото файнд ойыны жүргізіліп, сұрақтар керуенінен оқырмандар түрлі сынақтардан өтті.
Сонымен қатар «Тіл достықтың тірегі» атты әдеби әуенді кеш және «Мың бір мақал» атты көңілді, қызықты, тартысты сайыстарға қатысып, викториналық сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынды. Іс-шараның жалғасы ән мен биден шашу шашылып, үлкен мерекелік концертке ұласты.
«Ұлы дала жыршысы» атты тақырыпта библиография күні Кенен Әзірбаевтың 140 жылдық мерейтойына орай қатысушылардың назарына өткізілді. Шарада Кенен Әзірбаевтың аты жат емес екенін, оның туындыларын да жергілікті тұрғындар сүйіп тыңдайтынын айтты. Мәдениет қызметкерлері және қонақ болып келген өнерпаздар жиылған көпшілікке өнерлерін көрсетіп және ҚР мәдениет қайраткері, Шу ауданының «Құрметті азаматы», айтыскер ақын, Шу қаласының тумасы Б.Асқартегінің «Кенен атаға» арнауын орындап көңілді кеш өтті.
Байқау жеңімпаздары түрлі сыйлықтармен марапатталды.







