Кітапхананың құрылғанына 90 жыл толуына орай «Кітапхана – білімнің шамшырағы» атты кітапхана ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

19 сәуір күні Шу аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде кітапхананың құрылғанына 90 жыл толуына орай «Кітапхана – білімнің шамшырағы» атты кітапхана ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

Шу аудан әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге «Шу ауданына сіңірген еңбегі» үшін төс белгісін табыстады.

Шу аудандық мәслихат төрағасы Жасұлан Әбенов жылы лебізін білдіріп, ардагерлерге «Шу ауданының құрмет грамотасымен» марапаттады.

Аудандық мәслихат депутаттары атынан кітапханашыларымызды аудандық мәслихат депутаты Мақсат Лесханұлы Сұлтанғазиев құттықтап, кітапханашыларға алдағы уақытта кітапхананың материалдық техникалық базасын нығайтуға, сонымен қатар кітапханашылардың имиджін көтеруге ат салысатындығын атап айтты.

«Шу ауданына сіңірген еңбегі» үшін төс белгісінің иегері, кітапхана ардагері Зере Тажиханқызы Балхожаева, Ултуар Үсейнқызы Ибраева, Ақсұлу Бостанқызы Байтугелова ,Тоқбергенова Ақан сөз сөйледі.

Шара мерекелік ән шашумен жалғасып, кітапхана қызметкерлерінің орындауындағы “Кітапханашылар” әнімен аяқталды.