«Кітапхана – тың ойлар мен жаңа технологиялардың ортасы» тақырыбында workshop (шеберлік сынып) өткізді.
14 маусым күні Шу аудандық ОКЖ қызметкерлеріне Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы «Кітапхана – тың ойлар мен жаңа технологиялардың ортасы» тақырыбында workshop (шеберлік сынып) өткізді.
Мақсаты:«Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» – өңір кітапханалары мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту, кітапхана мен кітапханашы мамандығының позитивті имиджін нығайту, кітапханашылардың қоғамдық және кәсіптік әр түрлі өмір тараптарын қамту, өңірдің ерекше мәдени, тарихи көркем көріктілерін, әдеби мұраларын тереңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық мүддені қорғауға деген игі сезімді оятуға атсалысу, заманауи көпфункционалды ақпарат, білім және мәдениет алаңы ретінде кітапханалардың қоғамдағы деңгейін арттыру, кітапхана мамандарының өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.


