«Кітапхана – оқырманның қызығушылығын дамыту мен сақтау алаңы» тақырыбында воркшоп-семинары өтті.
6 наурыз күні КІТАПХАНАШЫЛАР СЕМИНАРЫ ӨТТІ.Шу аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кәсіби білімін жетілдіру мақсатында «Кітапхана – оқырманның қызығушылығын дамыту мен сақтау алаңы» тақырыбында воркшоп-семинары өтті. ОКЖ бойынша кітапхана қызметкерлері қатысты.
Семинардың мақсаты: көпшілік шараларды ұйымдастыру барысындағы жұмыстарға бағыт беру, дамыған заманда оқырманды кітапханаға тарту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Воркшоп- Семинары барысында, кітапхана ісін дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Әрқашан бірге, жақсы көңіл күйде», «Өзіме, көршіме» тренингтары жүргізілді. Ауыл деңгейіндегі Шоқпар, Ақтөбе ауылдық кітапханасының қызығушылық клубтарының жұмыс барысындағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.

