«Кітап-сарқылмас рухани қазына» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.

23 сәуір күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында 23 сәуір -дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай Саттар Естемесов мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен, «Кітап-сарқылмас рухани қазына» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында кітаптың шығу тарихына шолу жасалынып, оқушыларға кітап туралы сұрақ-жауап, мақал-мәтел айтылып, кітап көрмесімен таныстырылып насихатталды.