“Кітап – рухани байлық” атты әдеби альянс өтті.
28 қыркүйек күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Кітап – рухани байлық” атты әдеби альянс өтті. Іс -шара барысында оқушылар өздері таңдаған көркем әдеби шығармаларды оқып, кітап мазмұны бойынша ой – пікірлерімен бөлісті. Оқушылар сүйікті кітаптары мен кейіпкерлері туралы әңгімелеп, оқыған шығармаларынан алған әсерлерін ортаға салды. Сонымен қатар кітаптың адам өміріндегі маңызы, білім мен тәрбиенің қайнар көзі екендігі туралы пікір алмасты.


