“Кітап оқып тұлға болам” атты оқу марафоны өткізілді.

22 шілде күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ”Ашық аспан аясында” жобасы аясында “Кітап оқып тұлға болам” атты оқу марафоны өткізілді.Бұл шара балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу,ой өрісін кеңейту мақсатында өткізілді.Балалардың өмірде тұлға болып қалыптасуына кітаптың пайдасы орасан зор екені түсіндірілді.Балалар әр-түрлі балаларға арналған кітаптарды қызыға оқыды.Іс-шараның соңында балалардың көңілін көтеру мақсатында,тоғызқұмалақ,дойбы ойнап орталық алаңдағы тасжолға түрлі-түсті бормен сурет салды.

Нет описания фото.