«Кітап байлығы оқырмандар игілігі» атты кітап көрмесі, бейнелі шолу ұйымдастырылды.

23 қыркүйек күні Сауытбек ауылдық кітапханасында «Білім бағы, кітап патшалығының қызықтары» жобасы аясында «Кітап байлығы оқырмандар игілігі» атты кітап көрмесі, бейнелі шолу ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы қазақ халқының шығармасы, халық мұрасы ертегі, оның шығу тарихы туралы қысқаша айтып берді. Әрі «Кішкентай маймыл», «Ұсқынсыз үйрек балапаны», «Жоғалған доп» ашылмалы кітапшалар, «Жұмабаланың ертегілері», Қ.Нұрсұлтановтың «Ертегі есептер», Ә.Табылдының «Ертегілер» І-томы, «Әлем халықтарының ертегілері», Ж.Балақаранованың «Ертегілер әлемі» және тағы да басқа кітаптар қойылып, кітап көрмесі таныстырылды.