«Кітап-өркениеттің елшісі» атты буккроссинг өтті.

16 қаңтар күні Жамбыл облысында «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы жарияланып, Шу ауданында жалғасын табуда. Шу аудандық ОКЖ-нің ұйымдастыруымен «Кітап-өркениеттің елшісі» атты буккроссинг өтті.

Мақсаты: кітап – адамзат ақыл – ойының інжу-маржаны ғасырдан- ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп беретін ғажайып құрал. Өңір тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру.

Шараның бастамасын орталық кітапхананың директоры Б.Алжанбаева сөз сөйлеп ашып берді.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлері «Бір ел, бір кітап акциясы» аясында таңдалынып алынған Жүмекен Нәжімеденовтың «Үш томдық» кітабы, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер», жергілікті ақын-жазушы Әлдихан Қалдыбаевтың «Мен апамның баласымын», «Бір кітап, бір өңір» акциясы аясында таңдалынып алынған Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» атты кітаптарымен таныстырды.

Шу аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері Бейсенбаева Дәнен және Иманова Айжан сөз сөйлеп, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Буккроссинг соңында оқуға 4 дана кітапты және алтын кілтті Е.Бекмаханов мектеп-гимназиясының кітапханашысы Г.Кішкенебаеваға табыс етті .