“Кітап – өрісі кең әлем!“ атты ақпараттық бюллетень өтті.

23 сәуір күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 23- сәуір дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің 1 сынып оқушыларының қатысуымен “Кітап – өрісі кең әлем!“ атты ақпараттық бюллетень өтті.

Мақсаты: кішкентай оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту, күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу. Кітапханашы кішкентай оқырмандарға шағын ертегі оқып берді. Балаларда оқуға деген қызығушылықтары оянып жаңа түскен балалар әдебиетімен танысып өтті.

Нет описания фото.