«Кітап әлеміне саяхат» тақырыбында ойын сағаты өткізілді.
22 қыркүйек күні Республикалық кітап оқитын ұлт жобасы аясында Шу қалалық №2 кітапханасының ұйымдастыруымен Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп оқушылары арасында «Кітап әлеміне саяхат» тақырыбында ойын сағаты өткізілді.
Шара барысында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған түрлі танымдық ойындар мен қызықты тапсырмалар ұйымдастырылып, балалар өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.




