«Керей мен Жәнібек – қазақ хандығының негізін қалаушылар» атты тарихи-танымдық кеш өтті.
24 қыркүйек күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Керей мен Жәнібек – қазақ хандығының негізін қалаушылар» атты тарихи-танымдық кеш өтті. Қазақ хандығының 560 жылдығына арналған іс-шара – ұрпақты ел тарихын тануға, бабалар мұрасын қадірлеуге бағытталған тағылымды қадам. Аталған шарада кітапханашы XV ғасырда Керей мен Жәнібек хандар негізін қалаған хандық – қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның іргетасы ғана емес, ел бірлігі мен еркіндіктің символы екенін айтып өтті.
Мақсаты: Қазақ хандығының шығу тегін, Қазақстандағы хандардың мақсатын, ұстаған бағытын түсіндіре отырып оқушыларды өз Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.




