«Көркем ойдың шабыты» атты танымдық сағат өтті.

23 сәуір күні Сауытбек ауылдық кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, әдебиетке дүниені дүр сілкіндіріп келген дарабоз дарын, талант иесі Ыбыраев Маралтай Райымбекұлына 55 жас толуына орай «Көркем ойдың шабыты» атты танымдық сағат өтті.

Маралтай ақын -шын мәніндегі халқының көңілдегісін бағалай алатын ерекше дарын иесінің өмірбаянына шолу жасап, ақынның өлеңін кітапхананың тұрақты оқырманы Жусанбай Ануар оқып берді.