«Көркем ойдың шабыты» атты танымдық сағат өтті.

20 маусым күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында туған жердің қасиеті бойына дарыған біздің талантты жерлесіміз Мақұлбек Рысдәулеттің өмірі мен шығармаларын насихаттау мақсатында «Көркем ойдың шабыты» атты танымдық сағат өтті. Шара барысында Мақұлбек Рысдәулеттің жүйрік қаламынан шыққан «Бақатерек», «Желсаз», «Көңіл құсы», «Құс жолы», «Мәңгілік ерлік» тағы да басқа кітаптарына шолу жасай отыра, жазушының балалық шағындағы естеліктер арқылы туған жердің табиғатын, ауылдағы аңқылдақ ағайынның портретін сомдаған туындыларымен таныстырды.

Нет описания фото.