«Көк сандықтан көрерменін тәнті еткен» атты әдеби вернисаж өтті.

6 ақпан күні Жаңа жол ауылдық кітапханасында кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақ киносының атасы Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Көк сандықтан көрерменін тәнті еткен» атты әдеби вернисаж өтті. Кітапханашы оқырмандарды есімі қазақ даласынан бастап,бүкіл әлем елдеріне тұтас тараған көрнекті өнер тұлғасы туралы Қ.Бегалиннің құрастыруымен «Халық перзенті» сериясы бойынша, 2014 жылы, Алматы қаласы, «Өнер» баспасынан, 320 бетті, қазақ және орыс тілінде,суретті болып шыққан «Шәкен Айманов» атты кітап-альбоммен таныстырды. Кітап-альбомда бала Шәкеннің жас кезінен бастап,жер-жаhанға танылған кемел шағына дейінгі әр жерде сақталынып келген: отбасылық,ұжымдық және мемлекеттік орындардағы аса құнды ,тарихи фотосуреттер топтастырылған. Бұл кітап-альбом – бүгінгі жұртшылыққа да,келешектегі ұрпақтарымызға да тағлымы мол мұра.