«Күз. Кітап. Кітапхана» атты қызық times шарасы болып өтті.

19 қыркүйек күні “КITAP time – 2024” республикалық кітап фестивальі аясында орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Күз. Кітап. Кітапхана» атты қызық times шарасы болып өтті. Шара барысында келіп түскен жаңа кітаптарға шолу жасалып «Жақсы кітап-таза бұлақ арнасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Kitapland Travel» викториналық ойындар ойнатылды.

Айтулы шараның мақсаты- кітап оқу мәдениетін көтеру, әдебиеттерді насихаттау, оқырмандарды кітапханаға тарту және олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапханамыздың тұрақты оқырмандарына өздерін қызықтыратын кітаптарын ұсыну. Қай кезде де кітап адамзаттың жан азығы, рухани байлығы болған. Сондықтан кітаптың құндылығын ұғынып, білімді ел болу үшін кітапты көбірек оқуға шақырамыз.

Возможно, это изображение 29 человек и текст