«Күлкі – денсаулық көркі» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
1 сәуір – күлкі күніне орай №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Күлкі – денсаулық көркі» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жағымды эмоциялармен, қуанышпен, көңілді күлкімен бастау алып, оқушылармен түрлі қызықты ойындар ойнатылды. «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деген сөзді негізге ала отырып балалар бір-бірімен әзілдесіп, өнерлерін көрсетіп, көңілді күймен тарқасты.

