«Қыл қалам шебері» тақырыбында сыр кеші өтті.

11 қаңтар күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Алға орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график – суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойына орай «Қыл қалам шебері» тақырыбында сыр кеші өтті. Іс-шара барысында кітапханашы біртуар талант, ұлы суреткердің әрбір шығармасы – бір әлем екендігін баяндап, өміржолына тоқталды.