«Имандылық- ізгілік негізі» атты дөңгелек үстел өтті.

24 қаңтар күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыырумен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Имандылық- ізгілік негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында кітапханашы болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю-бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті екенін айтып, кітапхананың тұрақты оқырмандары Д.Мамбетов, А.Дүйсеналы дін зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі туралы пікірлерін білдірді. Мектеп кітапханашысы Д.Қасымова теріс ағымдардан қалай сақтану керек екенін, жан-жақты түсіндіріп берді.

Нет описания фото.