“Имандылық – қастерлі қасиет” тақырыбында рухани сағатын өткізді.

27 наурыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері “Алмас” колледжінің білімгерлерінің қатысуымен “Имандылық – қастерлі қасиет” тақырыбында рухани сағатын өткізді. Қонаққа Шу ауданы бойынша Дін проблемасын зерттеу орталығының инспекторы Боранқұл Нұрдаулет шақырылды.

Аталған шарада қонағымыз барынша қоғамдағы мәселелерді кеңінен талқылап, экстремизм мен террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднамамен таныстырды. Жастар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, сала қызметкері жан-жақты жауап беріп отырды.