“Ілияс сыршыл ақын” атты портреттік кеш өтті.
12 тамыз күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақ ақыны, драматург, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдық мерейтойына орай “Ілияс сыршыл ақын” атты портреттік кеш өтті. Іс-шара барысында кітапханашы І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығын насихаттай отырып “Күй” өлең шумақтарын оқыды.



