«Халқына арнап бар ғұмырын» тақырыбында тарихи танымдық сағатын өткізді.
12 қаңтар күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №40 мектеп лицейінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен кемеңгер тұлғаның туған күніне орай Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын оқушыларға үлгі ету мақсатында «Халқына арнап бар ғұмырын» тақырыбында тарихи танымдық сағатын өткізді. Шара барысында кітапханашы ұлы тұлғаның өмірімен және оның өз еліне қосқан үлесімен таныстырды.

