«Халқы сүйген Әмина» атты сыр сандық өтті.

4 наурыз күні Сауытбек ауылдық кітапханасында Алға орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен актриса Әмина Өмірзақованың 105 жылдық мерейтойына орай «Халқы сүйген Әмина» атты сыр сандық өтті.

Шара барысында қазақ өнерінің жарық жұлдызы Әмина Өмірзақованың өмір жолы мен еңбектері, ел жадына мәңгілікке жазып кеткен дара тұлға жайлы мағлұмат беріліп, Қарауылбек Нұрқанат, Секербек Раяна, Алдибай Ғаламат сандыққа жасырылған сұрақтарға жауап берді. Актрисаның сомдаған кино ленталарынан үзінді көрсетілді.

Возможно, это изображение 23 человека, люди учатся, детская игрушка и текст