«Халқы сүйген қаламгер» атты библиографиялық шолу өтті.

22 мамыр күні Далақайнар ауылдық кітапханасында Қазақ әдебиетінің классигі, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, публицист Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдық мерейтойына орай «Халқы сүйген қаламгер» атты библиографиялық шолу өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріп, қазақ әдебиетінің майталманы, жыр құлагері,күні бүгінге дейін артына мол мұра қалдырған ақын екенін айтып,оқушылар «Анам тілі», «Күн боламыз», «Өзімі», «Домбыра» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Мақсаты: оқушыларға ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, поэзияға деген сүйіспеншілігін оту.

Нет описания фото.