«Газет – қоғамының жаршысы» атты буктрейлер ұйымдастырылды.
26 тамыз күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің басылып шыққанына 105 жыл толуына орай «Газет – қоғамының жаршысы» атты буктрейлер ұйымдастырылды. Іс-шарада кітапханашы «Знамя труда» газеті оқырмандарға облыс жаңалықтарымен сауатты ақпарат беріп отыратын орыс тіліндегі басылымдардың бірі екенін айтып өтіп, газеттің өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталып өтті.

