«Гүл мереке, күн мереке – 8 наурыз!» атты дивертисмент кеші өткізілді.

7 наурыз күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Асыл әжелер» қызығушылық клуб мүшелері мен А.Макаренко атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушылары қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Гүл мереке, күн мереке – 8 наурыз!» атты дивертисмент кеші өткізілді. Мерекелік кеште оқушылар ақ жаулықты аналарға арнап бар өнерлерін көрсетті. А.Макаренко мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Н.Мырзақұлов аналар мен қыздарды мереке күнімен құттықтап, ән шашу тарту етті.