«Естемес батыр ел есінде» атты тарихи танымдық кеш өткізілді.
11 маусым күні Далақайнар ауылдық кітапханасында Жамбыл облысы Шу ауданы Көкқайнар ауылының тумасы Кеңес Одағының Батыры Саттар Естемесов 105 жасқа толуына орай «Естемес батыр ел есінде» атты тарихи танымдық кеш өткізілді.
Іс –шара барысында кітапханашы оқушыларға Кеңес Одағының батыры Саттар Естемесовтың ерлігін жас ұрпаққа насихаттай отырып, өмір жолы, қайсарлығы мен ерлігі туралы мәлімет берді.Шараға қатысқан оқушылар С.Естемесовтың ерлігі туралы жазылған өлеңдерін оқып, кітапханашы кітап қорындағы «Ел үшін туған Ер Саттар» атты кітабына шолу жасады.

