«Естеліктер жазылар мен туралы» атты әдеби вернисаж өтті.

8 ақпан күні Далақайнар ауылдық кітапханасында Т. Әшімбаев орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен ақиық ақын, «Ғасыр ақыны» Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Естеліктер жазылар мен туралы» атты әдеби вернисаж өтті. Іс –шара барысында кітапханашы оқушыларға Хантәңірінің мұзбалағы, тау тұлғалы талант, ақиық ақынның өмір мен шығармашылығына шолу жасады. Жас оқырмандар ақынның өлеңдерін жатқа айтты.

Нет описания фото.