“Есірткіге қарсы күрес” тақырыбында шок-урок өтті.
25 маусым күні Шоқпар ауылдық кітапхана мен мәдениет үйі қызметкерінің ұйымдастыруымен 26 маусым – халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай “Есірткіге қарсы күрес” тақырыбында шок-урок өтті. Шара барысында ашық диалог өтті. Медбике нашақорлыққа қарсы күрес шараларын, есірткі заттарын өткізу мен таратқаны үшін жазаларды, нашақорлық мәселелері бойынша деректер мен статистиканы талқылады.

