“Есімізде – қорқынышты, ұмытуға болмайды” атты тарих сағаты өтті .

28 мамыр күні Шоқпар ауылдық кітапхана және мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай “Есімізде – қорқынышты, ұмытуға болмайды” атты тарих сағаты өтті . Мақсаты: Қазақ халқының қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру.Іс-шара құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Мәдениет ұйымдастырушысы І.Жанша “Өзекті өртер шындық” атты мазмұнды баяндама оқыды.Кітапханашы Ж.Касенова құғын – сүргінге ұшыраған құрбандарына жасалған сөреге шолу жасап, мағлұмат беріп, “Қуғын – сүргін құрбандары- Алаш жұртының зиялылары” атты слайдпен таныстырды.

Нет описания фото.